Аманжан Жамалов, Мәжіліс депутаты: Ұлттық қорды ойламау елдің болашағын ойламаумен бірдей

Республикада салық жинау деңгейі әлі де төмен. Осы проблемалардың барлығы “Салықтық әкімшілендіру жүйесін реформалау” бағдарламасы аясында шешілуге тиіс еді. Осы бағдарламаны іске асыруға 11 жыл ішінде миллиардтаған теңге жұмсалды. Сонда нәтиже қандай? Мемлекеттік кіріс комитетінің 16 ақ-параттық жүйесінің 12-сі ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сай келмейді, оның ішінде 9-ы өнеркәсіптік пайдалануға енгізілмеген.

Салықтық әкімшілендірудің әлсіз болуы бюджетке Ұлттық қордан қосымша қаржы тартуға әкеп соқты.  2020 жылы республикалық бюджет кірістерінің 45%-ы Ұлттық қордан тартылған трансферттерді құраған. Оның жалпы сомасы – 4,8 триллион теңге.

Бұл – соңғы жылдардағы ең жоғарғы көрсеткіш. Үкіметке болашақта ұлттық қорсыз кіріс кірмей қалуы мүмкін екенін түсінетін уақыт келді. Сондықтан бүгін Ұлттық қор туралы ойламау ол елдің болашағы туралы ойламаумен бірдей

sputnik.kz

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.