Әнші Сәкен Майғазиев Кемероводағы оқиғаға көңіл білдіріп, елді жылатты (видео)

Сәкен Майғазиев Кемероводағы оқиғаға көңіл айтып, елді жылатты. Әнші өзінің instagram парақшасында Ресейдің Кемерово облысында болған қайғылы жағдайға байланысты көңіл білдіріп, видео жүктеп, жазба қалдырды.

«Алла тағала басқа бермесін. Тілсіз жаудан жанын арашалай алмай, өртке оранған сәбилердің шарасыздығын елестетсем жүрегім сыздап қоя береді. Әлемдердің әміршісі Раббымыз марқұмдарды мейіріміне бөлеп, ата-аналары мен жақындарына сабыр бергей.  Жаратушы иеміз зілзаладан, от, су апаттарынан сақтасын» — деп жазды әнші. 

Айта кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын Кемеровода болған қайғылы оқиғадан 64 адам қаза тапқан еді. Олардың 41-і кішкентай балалар. Оқиға орнына Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин арнайы ұшып келген болатын.

Видео

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.