ANTIKOR.LIVE: МЕМЛЕКЕТ БЮДЖЕТІНЕ 1,8 МЛРД.ТЕҢГЕ КӨЛЕМІНДЕ ШЫҒЫН ӨТЕЛДІ

Мемлекеттік функцияларды іске асыру кезінде бюджет қаражатын жымқыру жалғасуда.

Бұл туралы Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Асхат Жұмағали брифингте мәлімдеді.

«Қаланың сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Ол жобалау және атқару құжаттамасына сәйкес келмейтін топографиялық түсірілім үшін орындалған жұмыстар актілеріне қол қою арқылы 498 млн теңге көлемінде бюджет қаражатын жымқырды деп күдіктелуде» — деді спикер.

Сотта бұрыңғы облыстық балалар ауруханасының дәрігері менсол мекеменің бас бухгалтеріне қатысты іс қаралуда.

Аталған тұлғалар 25 млн. теңге көлемінде жымқыру схемасын ұйымдастырған деп күдіктелуде.

«Өңірлерді дамыту 2020» бағдарламасы шеңберінде бөлінген 9  млн. теңге сомасына бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен жер қатынастары басқармасының бас бухгалтеріне қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды.

Сонымен қатар, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру және бюджет қаражатын мақсатты пайдалану мәселелері Департамент назарында.

Аталған бағытта «Цифрлық Қазақстан», «Денсаулық», «Өңірлерді дамыту», «Білім беруді дамыту» және басқа да бағдарламалар бойынша ақша қаражатын жымқыру және мақсатсыз пайдалану фактілері бойынша 24 қылмыс тіркелді.

Қылмыстық істерді тергеу барысында қабылданған шаралар нәтижесінде мемлекетке 1,8  млрд. теңге көлемінде шығын өтелді.

 

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.