Әрқайсымыз мұны білуге тиіспіз!
Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасы тарапынан қала тұрғындары арасында ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында терроризм актісінің алдын алу бойынша тиісті ақпараттарды ұсынады.
Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі N 416-I Заңының 9-бабында Терроризмге қарсы іс-қи-мылда ҚР мемлекеттік органдарына жәрдемдесудің міндеттілігі көрсетілген. Атап айтқанда:
1. ҚР мемлекеттік органдары мен ұйымдарының лауазымды адамдары терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға жәрдемдесуге және қажетті көмек көрсетуге міндеттілігі;
2. ҚР азаматтары дайындалып жатқан немесе жасалған терроризм актісі туралы мәліметтерді терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға дереу хабарлауға міндеттілігі;
3. Дайындалып жатқан немесе жасалған терроризм актілері туралы ақпаратты мемлекеттік органдарға беру азаматтық борышты орындау болып бағаланады. Терроризм актісін болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпарат үшін терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган сыйақы белгілейді және төлейді делінген.
Сондай-ақ, Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы ҚР 1999 жылғы 13 шілдедегі N 416-I Заңының 11-бабында террористік iс-әрекеттi анықтау, атап айтқанда:
1. Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдары террористік iс-әрекеттi анықтауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өткiзетіндігі;
2. ҚР аумағындағы мемлекеттiк органдар мен ұйымдар, террористік iс-әрекет белгiлерi бар барлық оқиғалар туралы терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын органдарға хабарлауға мiндеттi екендігі көрсетілген.
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 9 қарашадағы N685 қаулысымен бекітілген «Терроризм актісін болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпарат үшін сыйақы белгілеу және төлеу қағидалары»
1. Жалпы ережелер
1. Осы терроризм актісін болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпарат үшін сыйақы белгілеу және төлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) “Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы” 1999 жылғы 13 шілдедегі ҚР Заңы 9-бабының сәйкес әзірленді және 3-тармағына терроризм актісін болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпарат үшін сыйақы белгілеу және төлеу тәртібін айқындайды.
2. Сыйақы төлеу осы мақсатқа терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі уәкілетті (бұдан әрі – уәкілетті орган) тиісті қаржы жылына мемлекеттік органға көзделген бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
2. Терроризм актісін болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпарат үшін сыйақы белгілеу және төлеу тәртібі.
3. Терроризм актісін болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпаратты хабарлаған адамдарға уәкілетті орган сыйақы төлейді.
Сыйақы бір рет төленеді және мынадай тәртіппен белгіленеді:
1) 2014 жылғы 3 шілдедегі ҚР Қылмыстық кодексі (бұдан әрі – ҚК) 255-бабының бірінші және екінші бөліктерінде көзделген терроризм актісі туралы қылмыстық істер бойынша – 750 (жеті жүз елу) айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК);
2) ҚК 255-бабының үшінші және төртінші бөліктерінде көзделген терроризм актісі туралы қылмыстық істер бойынша – 1000 (бір мың) АЕК.
Терроризм актісін болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпаратты хабарлаған адам сыйақыдан бас тартқан жағдайда, уәкілетті органның (аумақтық органына) тиісті өтініш береді.
4. Терроризм актісін болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпаратты хабарлаған адамға сыйақы беру, егер айыпты адамға қатысты:
1) 2014 жылғы 4 шілдедегі ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚПК) 255-бабының талабына сәйкес медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану туралы сот қаулысы немесе айыптау үкімі заңды күшіне енген;
2) ҚПК 35-бабы бірінші бөлігінің 9, 11 және 12-тармақшаларында көзделген негіздер бойынша қылмыстық істі тоқтату туралы қаулы шыққан жағдайда төленеді.
5. Аумақтық орган терроризм актісін болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпаратты хабарлаған адамға сыйақы алу құқығы туындағаны туралы үш жұмыс күні ішінде хабарлайды.
Терроризм актісін болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпаратты хабарлаған адам тұрғылықты жері бойынша аумақтық органға осы Қағидалардың 6-тармағының 2, 4 және 5-тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
6. Аумақтық орган осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес сыйақы алу құқығы туындаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды қалыптастырады және уәкілетті органның төрағасы айқындаған уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесіне жібереді:
1) аумақтық органның қолдаухаты;
2) хабарлама талоны түбіртегінің көшірмесі;
3) заңды күшіне енген айыптау үкімі немесе медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану туралы сот қаулысының көшірмесі не ҚПК 35-бабы бірінші бөлігінің 9, 11 және 12- тармақшаларында көзделген негіздер бойынша қылмыстық істі тоқтату туралы қаулының көшірмесі;
4) терроризм актісін болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпаратты хабарлаған адамның жеке сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып, жеке басын куәландыратын құжатының көшірмесі;
5) терроризм актісін болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпаратты хабарлаған адамның ағымдағы банктік шоты көрсетілген екінші деңгейдегі банк анықтамасының түпнұсқасы.
Адамның ағымдағы банктік шоты болмаған жағдайда, өзі кез келген екінші деңгейдегі банкте ағымдағы банктік шотын ашады.
7. Уәкілетті бөлімше барлық қажетті құжаттар келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде олардың толықтығы мен дұрыстығын тексереді және терроризм актісін болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпаратты хабарлаған адамға сыйақы төлеу туралы уәкілетті орган бұйрығының жобасын дайындайды.
Тексеру процесінде құжаттарды ресімдеуде кемшіліктер мен дәлсіздіктер анықталған кезде уәкілетті бөлімше осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттарды қателіктерді жою және онымен бір мезгілде терроризм актісін болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпаратты хабарлаған адамға сыйақы төлеуді кешіктіру себептері мен мерзімдері туралы хабарлау үшін аумақтық органға қайтарады. Аумақтық орган кемшіліктер мен дәлсіздіктер жойылғаннан кейін он күн ішінде осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттарды уәкілетті бөлімшеге қайта жолдайды.
8. Уәкілетті органның сыйақы төлеу туралы бұйрығы шығарылғаннан кейін аумақтық орган сыйақы төлеу туралы бұйрық шыққан күннен бастап алпыс күнтізбелік күн ішінде терроризм актісін болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпаратты хабарлаған адамға қазынашылықтың аумақтық бөлімшелері арқылы оның екінші деңгейдегі банктегі ағымдағы банктік шотына сыйақыны төлеуді жүзеге асырады.
9. Аумақтық орган терроризм актісін болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпаратты хабарлаған адамға белгіленген тәртіппен оның екінші деңгейдегі банктегі ағымдағы заңнамада банктік шотына ақшалай қаражаттың аударылғаны туралы үш күн ішінде мәлімдейді.