АРНАЙЫ ТОП КӨШЕЛЕРДІ 482 ТЕКШЕ МЕТР СУДАН АРЫЛТТЫ
Шымкентте жауын-шашынға байланысты туындаған қолайсыздықтардың алдын алу мақсатында қала әкімінің тапсырмасымен арнайы топ құрылған.
Топқа 68 бірлік техника мен 35 дана мотопомпа және 200-ден астам төтенше жағдайдың қызметкерлері жұмылдырылды.
Соңғы тәулікте қалада жауын суын тарту үшін 114 адам, 34 техника (негізгі 25 бірлік, арнайы 6 бірлік, қосалқы 7 бірлік) және 28 мотопомпа кезекшілікке түсті.
Жаңбыр суынан арылту жұмыстарын жүргізу үшін 12 мекенжайға арнайы топ пен техника жіберілген.
Кезекшілер Абай ауданындағы Жұманов көшесі №20 үйдің алдынан 20 текше метр су шығарса, Темірлан тас жолы «Закир» дүкенінің алдынан 40, Асқарова көшесі №49 үйдің жертөлесінен 20 текше метр және Ынтымақ ш/а, Қозы көрпеш көшесінен 50 текше метр суды тартты.
Сонымен бірге, Солтүстік-Батыс ш/а Найзалы көшесіндегі №84 үйдің ауласынан 40 текше метр және Қазығұрт ш/а, Жібек жолы көшесінен 7 текше метр су шығарылды.
Қаратау ауданында Достық ш/а Алтын өлке көшесінен 40, Нұртас ш/а, Шұғыла көшесі 160 текше метр судан арылды.
Ал, Әл-Фараби ауданы бойынша Сауле ш/а Зерделі көшесінде 80 текше метр суы құрылғы көмегімен тартып алынды.
Қалада18 наурызға қараған түні кезекші топ көшелерден 482 текше метр суды шығарған.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі