АРЫС 17 СЕКТОРҒА БӨЛІНІП ЖӨНДЕЛЕДІ

Арыс қаласындағы жағдай облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің жіті назарында. Өңір басшысы  шаһар шартты түрде 17 секторға бөлінетіндігін мәлімдеді. Яғни әрбір секторға 17 аудан-қала әкімі бекітілді. Олардың әрқайсысының жанында 40 жауапты қызметкерден болады. Сол жауаптылар аптаның соңында тұрғындар қалаға кіргенде үйлеріне орналастырады.  Сонымен қатар әрбір баспананың зақымдануын фото-видеоға түсіріп, актілер жасаумен айналысады.

«17 сектор 17 облыс әкімдіктеріне жөндеу жұмыстарын жүргізуге бөліп берілді. Әрбір облыстан 10 бригададан, жалпы саны 1500-ден астам құрылысшылар келіп, жөндеуді бастайды. Облыстың өкілдері келіп, бекітілген секторларды аралап, тиісті жұмыстарға кірісті», – деді Түркістан облысының әкім Өмірзақ Естайұлы.

Ал қорғаныс саласының мамандарына берілген міндет бойынша қаланы сенбіге дейін жарылғыш оқ-дәрілерден толықтай тазартып шығуы керек.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.