АРЫСТЫҚ 2 МЫҢ ТҰРҒЫН ЖОБА АЯСЫНДА ҚАРЖЫЛАЙ КӨМЕК АЛДЫ

Болат Өтемұратов қоры, Қазақстанның «Қызыл Ай» қоғамы мен ForteBank-тің «Көмек картасы» бірлескен жобасының шеңберінде Арыс қаласының 2 мыңға жуық тұрғыны қаржылай көмекке ие болды. Бөлінген ақшаға құрылыс материалдарын сатып алуға, шаруашылық тауарларын түгендеуге және киім-кешекті бүтіндеуге беріліп отыр. Бүгінгі таңда Арыс қаласының әкімдігі мен «Қызыл Ай» және Болат Өтемұратов қоры көмек алушыларды анықтады. Олардың қатарында медициналық жәрдемге жүгінгендер, көпбалалы отбасылар, жалғыз басты аналар мен мүгедектер бар. Аталған санатқа кіретін әр отбасы мүшесіне 30 мың теңгеден банк карталары табысталды.

Арыс қаласының әкімі Мұрат Қадырбек қор жетекшілеріне қаланы қалпына келтіруге қатысқаны үшін алғысын білдірді.
«Қиын кезеңде бізді бүкіл ел қолдады және бізге көмек қолын ұсынған ұйымдардың бірегейі Болат Өтемұратов Қоры болды», – деп атап өтті қала басшысы.
Айта кетейік, табиғи және техногендік апаттардан зардап шеккен қазақстандықтарға қолдау көрсету бойынша «Көмек картасы» жобасы 2018 жылы бастау алған болатын. Бұған дейін қор тарапынан Қарағанды, Алматы, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында үйлері көктемгі су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға 56 миллион теңгеден астам жалпы сомаға көмек көрсетілді.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.