Асанәлі Әшімұлы: КСРО және Қазақстан Халық әртісі: Сонда бүгінгі қазақта не қасиет қалды?!
Қазір қызы да бір, анасы да бір. Баяғыда үлкендер шашта қасиет бар, ол жуып, күтілмесе, ұзатылғасын көзден жаулық арқылы көлегейленбесе, қасиет қайтады деп айтатын. Кейде оңашада осыны ойлағанда қорқамын, қазақ бар қасиетінен айырылып бара ма деп. Айналама қараймын да, қамығамын кеп. Бүгін мүлдем жат ұрпақ өсіп келе жатқандай біздің қоғамда. Ертең кешегі қазақ пен бүгінгі қазақтың арасы жер мен көктей алшақ тартып, ежелден ұлы құндылыққа бай біз ұлт ретінде өзімізді жоғалтып аламыз ба деп алаңдаймын. Өйткені айдың, күннің аманында аналар түгел жалаңбас қалды. Бастағы орамалдың мәнісі де жат жұрттық болды.
Негізі, «Әйел адам – ұлттың айнасы» ғой. Егер әйел адам жалаңаштана бастаса, ұлттың жаны жалаңаштана бастайтыны анық. Тіпті, сонау ашаршылық кездерінде де, соғыс тұсындағы аласапыран, алмағайып күндерде де біз басымыздан жаулығымызды тастамаған ек. Бүгінде мұның бірі жоқ, шашымыз жалаңаштану былай тұрсын, басқа жеріміз де жалаңаштана бастады. Сонда бүгінгі қазақта не қасиет қалды?!
«Ұ»