Әскери қызметшілер арасындағы семинар-кеңес

Шымкент қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаментінде әкімшілік құқық бұзушылық және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша семинар-кеңес өтті.

 

Семинар-кеңестің басты мақсаты – заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтау, сондай-ақ жергілікті әскери басқару органдарында, әскери бөлімдер мен мекемелерде сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтардың кез-келген көріністеріне нөлдік төзімділік қағидаттарын қалыптастыру болды.

Кеңеске әскери полиция өкілдері, Шымкент қаласы қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығы мен қорғаныс істері жөніндегі департаментінің жеке құрамы қатысты.

— Сыбайлас жемқорлық – ұлттық қауіпсіздікке төнген ауыр қатер, оған қарсы күрес, ол бүкіл қоғамның маңызды міндеті болып табылады. Ал жергілікті әсери басқару органдарының жеке құрамы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді саясатының негізгі қағидаларын әрқашан ұстануы керек, — деді өз сөзінде Шымкент қаласы қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының міндетін уақытша атқарушы подполковник Тауыржан Смағұлов.

Өз кезегінде, әскери полиция өкілі майор Әлімжан Ерімбетов қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның ережелерін, қабылданып жатқан шараларын, халық пен мемлекеттік қызметшілер арасында жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру туралы ақпарат беріп, статистикалық деректерді келтірді.

Бұдан бөлек семинар барысында қатысушыларға әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің баптары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың жаңалықтары мен заманауи механизмдері жеткізілді.

Семинар соңында қорғаныс саласында әкімшілік құқық бұзушылыққа жол бермеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мақсатында қабылданған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау туралы пікір-сайыс өтті.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.