Әскери қызметшілер «Shymkent Marathon – 2021» үздік қатысушылар қатарында
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында, сондай-ақ бұқаралық спортты насихаттау мақсатында Шымкентте «Shymkent Marathon – 2021» бас қалалық спорттық іс-шарасы өткен болатын. Гарнизонның әскери қызметшілері үздіктер қатарына енді.
Мегаполисте осымен бесінші жыл өткізіліп отырған марафонға қатысушылар 5, 10, 21 және 42 шақырым қашықтықтарда өздерін сынады.
Атап айтқанда, механикаландырылған бригаданың мотоатқыштар батальонының әскери қызметшісі аға сержант Нұрлан Керімбеков 40-тан 49 жасқа дейінгі жас санатында бес километр қашықтықты екінші болып жүріп өтті.
— Спорт-денсаулық кепілі! Қызметтен бос уақытта біз отбасымызбен спортпен және дене шынықтырумен айналысамыз. Осындай жүгіру жарыстарында өнер көрсету кезінде жолдасым мен балаларым қасымда болып, мені қолдайды. Отан отбасынан басталады, мен өз отбасым үшін үлгілі әке және қызметте үлгілі әскери қызметші болуға тырысамын, – деп бөлісті аға сержант Нұрлан Керімбеков.
Сол бригаданың штаб батальонының келісімшарты бойынша қатардағы жауынгері Сүгірбай Сәуірбек 21 шақырымдық қашықтықта 1 сағат 25 минут нәтиже көрсетіп, өзінің жас санаты бойынша үздік он жүгірушінің қатарына енді.