Әскери тікұшақтың апатына байланысты қылмыстық іс қозғалды

QAZYGURT.KZ: Қызылорда облысында Ми-8 тікұшағының апатқа ұшырауына байланысты қылмыстық іс қозғалып, бас прокурор Ғизат Нұрдаулетов өз бақылауына алды. Бұл туралы бас прокурордың орынбасары Андрей Лукин мәлімдеді.

 «Бас әскери прокуратура қылмыстық істі жіті қадағалайтын болады, бұл іске қатысты тексеру жұмыстары жүргізіліп, барлық процесс Қазақстанның бас прокуратурасының назарында болмақ», — деді ол. Оның сөзінше, қылмыстық іс «Ұшу ережелерін бұзу» бабы бойынша қозғалды.

Еске сала кетсек, 27 наурызда Қызылорда облысы, Жалағаш ауданында бортында 13 адам бар тікұшақ апат болған еді. Оқу-жаттығу кезінде бортта болған 13 қызметкердің бәрі қаза болды. Қаза тапқандардың аты-жөндері анықталды.

Бортта болған майор Д.А. Қоңырбай, капитан С.М. Масалим, аға сержант М.Р. Шәріпов, кіші сержант А.Т. Абдулманов, аға лейтенант Г.К. Рахымбаев, евфрейторлар Б. Байбақов, М.А. Жұматов, А.Т. Әбділдинов, К. Сарқытбаевтар да қайтыс болды.

 

АҚПАРАТ көзі: kaz.nur.kz

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.