«Астана су арнасының» экс-басшысы пара алғанын мойындады

QAZYGURT.KZ: «Астана су арнасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының бұрынғы басшысына парақорлық айып тағылды,

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті «Астана су арнасы» ШЖҚ МКК бұрынғы басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Ол ЖШС пайдасына офистік және жертөле үй-жайларын беру туралы қосымша келісім жасасу және тұрғын үй кешенін кәсіпорын теңгеріміне қабылдау-тапсыру актісіне қол қою үшін пара алды деп күдікке ілініп отыр. Бұл үшін ЖШС директорынан тұрғын үй кешеніндегі 2 пәтерді және 60 мың АҚШ долларын алғанын мойындады», — деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының баспасөз хатшысы Арман Бердалин елордада өткен брифингте. Күдіктінің өз кінәсін толық мойындауына байланысты процестік ұстау қолданылмаған. Тергеу жалғасып жатыр.

 

АҚПАРАТ көзі: inform.kz 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.