АСТАНАДА 14 АДАМДЫ ҮСІК ШАЛҒАН
QAZYGURT.KZ: Астанада үсік шалған 14 адам дәрігер көмегіне жүгінді. Зардап шеккендердің 12-сі ауруханаға жедел жәрдеммен жеткізілген, қалған екеуі дәрігерге өздері келген. Үсік шалғандардың 10-ы ересек адам, төртеуі бала. 2017 жылы туған бір бала қаладағы №2 балалар ауруханасына жеткізілді, оның жағдайы орташа. Қалғандары амбулаториялық емдеу үшін тұрғылықты мекенжайларына жіберілді. Еске сала кетсек, қатты аяздан Қостанай облысында екі адам үсіп өлді.
АҚПАРАТ көзі: alashainasy.kz