АСТАНАДА САБАҚ ТОҚТАДЫ
QAZYGURT.KZ: «5 ақпанда ауа райының колайсыздығына байланысты қала мектептерінің екінші ауысымындағы 0-11 (12) сынып оқушыларына және колледждердің 1-2 курс студенттері үшін сабақ болмайды», — делінген қалалық Білім басқармасының хабарламасында. Айта кетерлігі, еліміз бойынша қатты аяз бен боранға байланысты бірқатар өңірлерде бірніш ауысымдағы сабақтар өткізілмеді. Еске сала кетсек, синоптиктер 5-7 ақпанда күн күрт суытып кей өңірлерде 45°С аяз болады деп болжаған.
АҚПАРАТ көзі: inform.kz