Асылы Осман: Тілің жоқ болса, түгің жоқ екенін түсінетін кез әлдеқашан жеткен

Қазақстанның иесі де, киесі де қазақ. Қазақтың тілі өз елінде ғана қолданылып, өз елінде ғана мемлекеттік тіл бола алатынын түсіну үшін асқан ақылдылықтың қажеті жоқ. Қазақстандықтарға қажет болмаған қазақтың тілі кімге керек? Қазақтардың өздері қазақ тіліне қырын қараса, сырттан өзге біреу келіп біздің тіліміздің маңдайынан сипамайды ғой, айналайындар! Сондықтан, өз елімізде, өз жерімізде мемлекеттік тіліміз – қазақ тілін өгейсітіп, өзектен тепкенді қоюымыз керек.

Біздің елімізде мемлекет тарапынан бұл бағытта қарқынды жұмыс жүргізіліп жатыр дей алмаймын. Керісінше, биліктің түрлі салаларына бірінен бірі өткен қазақ тілінен мақұрым мамандар келіп, халықтың жүйкесіне тиіп жатқанын көз көріп жүр.

Егер қазақ тілінің болашағы жарқын болсын десек, онда ертең емес, дәл бүгін арнайы сынақ жүргізу арқылы өз тілін білмейтіндерден түгел құтылуымыз керек.

qazaquni.kz

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.