Атышулы Дәурен Айдарқұлов пен Ақбота Сейітмағамбет заңды түрде некелесті

Отандық шоубизнес тағы бір жұлдызды жұпқа толықты. Аты шулы ғашықтар Дәурен Айдарқұлов пен Ақбота Сейітмағамбет енді ресми түрде некелесті. Заңды түрде отбасы атанған жұлдыздар дүркіретіп той жасаған, деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл қуанышты жаңалығымен Ақбота Сейітмағамбет өзінің оқырмандарымен желіде бөліскен. Актриса өзінің Instagram парақшасына неке қию туралы куәлігін жүктеп, оқырмандарына сүйіктісіне ақыры тұрмысқа шыққанын айтты.

Ресми некелесу салтанатынан кейін жұлдызды жұп қуанышты сәтін өздерінің ең жақын адамдарымен бірге тойлап өткізді.

Желі қолданушылар пікірі екіге бөлінді. Бірі қайта қосылған ғашықтарға бақыт тілеп жатса, қалғандары Ақботаға қайтадан қателік жасағанын айтып сынап жатты.

Айта кетейік, осыған дейін Ақбота Сейітмағамбет біреудің тоқалы болғаным да жеткілікті деп алдағы уақытта тұрмысқа шықпайтынын айтқан болатын.

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.