АУДАН АУМАҒЫНДА РЕЙДТІК ІС-ШАРА ӨТКІЗДІ
Шымкент қаласының Еңбекші аудандық прокуратурасының ұйымдастыруымен Еңбекші ауданы әкімі аппараты мамандары және аудандық полиция басқармасының ЮПТ бөлімінің инспекторларымен бірлесіп, аудан аумағында рейдтік іс-шара өткізді.
Рейдтік іс-шараның мақсаты кәмелетке толмаған жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және жасөспірімдер үшін қауіпті жол бойында авто көлік жүргізушілеріне жарамазан айтушы жастарды анықтау және ата-аналарына тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Құрметті ата-аналар!
Кәмелет жасқа толмаған балаларыңыздың түнгі сағат 22:00-ден кейін ойын сауық орталықтар мен мекемелерінде, 23:00-ден кейін тұрғын жайдан тыс жерлерде заңды өкілінсіз жалғыз жүрмеуін қадағалауларыңызды сұранамыз.
Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникауиялық орталығы