Әуе базасының мерейтойы
Шымкенттегіәуе базасының әскери қызметшілері әскери бөлімдерінің құрылғанына 70 жыл толуын атап өтті.
Мерекеге «Қарулы Күштердің ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшелері және әскери қызметшілердің отбасылары шақырылды.
Дәстүр бойынша және әскери Жарғының талаптарына сәйкес мереке әскери бөлімнің жауынгерлік туын салтанатты түрде шығарудан басталды.
Салтанатты митингті әуе базасының командирі полковник Тимур Еспағанбетов ашты. Ол ерекше көзге түскен әскери қызметшілерге грамоталар мен алғыс хаттар табыс етті.
— Біздің ұшқыштар әрқашан өздерін тек жақсы жағынан көрсетеді. Сіздер біздің аталарымыз бен бабаларымыздың даңқты ерліктерінің мұрагерлерісіз. Штаттан тыс жағдайлар аз болсын, жауынгерлік техника сәтсіздікке ұшырамасын. Сіздерге ашық аспан мен зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін! Мереке құтты болсын, әріптестер! — деді Тимур Еспағанбетов.
Әуеайлақта қонақтар мен барлық тілек білдірушілер үшін авиациялық техника көрсетілімі және концерттік бағдарлама, ал одан кейін әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелері үшін би кеші ұйымдастырылды.