АУТИЗМГЕ ШАЛДЫҚҚАН БАЛАЛАР ЕУРОПАЛЫҚ ӘДІСПЕН ЕМДЕЛУДЕ
Шымкент қаласындағы аутизмге шалдыққан және ақыл-ой дамуы тежелген балаларға арналған орталықта 110 бала оңалтудан өтуде. Ем-шаралар еуропалық әдіспен жүргізіледі. Мекеме сәуір айында іске қосылған. «Самұрық-Қазына» АҚ мен «Қазақстан халқына» қоры бірігіп ашқан 8 аутизм орталығының алғашқысы.
Мұнда АВА терапиясы, эрготерапия, кинезиотерапия, робототерапия, емдік дене шынықтыру, еңбек терапиялары, арт-терапия, музыкалық терапия, қыш-құмыра бұйымдарын жасау бағыттары қарастырылған. Сонымен қатар сенсорлық ықпалдасу, әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау, логопед, психолог және дефектолог мамандар қызмет көрсетеді.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі