Автокөліктің катализатор бөлшегін ұрлаған күдікті ұсталды
Шымкент қаласы Полиция департаменті Еңбекші ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Онда, 2021 жылдың 3-маусым күні сағат 22:00 шамасында үйінің ауласында орналасқан автокөлік жөндеу орталығында жұмыс жасайтын қызметкер, құны 500 000 теңге тұратын «Катализатор» бөлшегін және 322 000 теңге ақшасын жасырын түрде ұрлап кеткенін жазып көрсеткен. Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын көлемі 822. 000 теңгені құрайды.
Еңбекші ауданы Полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторлары ақпарат алысымен бірден шұғыл іздестіру жұмыстарына кіріскен. Нәтижесінде, қылмыстың ізін суытпай ашып, ұрлық жасады деген күдікпен жергілікті тұрғынды жеткізді. Күдіктінің өзге де қылмысқа қатыстылығы тексерілуде.
Тәртіп сақшылары автокөлік иелеріне көліктерін қараусыз қалдырмауды, есігін ашық немесе көлік кілтін қалдырып кетпеуді ескертеді.