Азаматхан ӘМІРТАЙ, «Байтақ-Болашақ» ЭА төрағасы: Ал, соның зардабын енді тартып жатырмыз

Қазірдің өзінде коронавирусқа байланысты шағын және орта бизнес үлкен шығынға бата бастады. Жұмыссыздық белең алуда. Теңге құнсыздануын жалғастыруда. Мұның себебі неде? Ең өкінштісі, тәуелсіздікке қол жеткізген жылдардан бері, бүгінге дейін біз тек шикізатқа құрылған экономиканы ғана құрдық. Мемлекет қаржысы ешқандай пайда әкелмейтін ЕХРО секілді көрмелерге, көк тиындық кірісі жоқ жобалар мен форумдарға жұмсалды. Өндіріс дамымады. Дағдарысты жағдайда елді сүйреп шығаратын өнеркәсіп орындары жоқтың қасы. Ал, соның зардабын енді тартып жатырмыз. Коронавирус пен мұнай бағасының құлауына байланысты елде тауар бағасы қымбаттады, яғни инфляция өршіді, жұмыссыздық басталды, теңгенің долларға шаққандағы бағамы күрт өзгерді, девальвация жүрді. Халықты айтпағанда, бұған Үкіметтің өзі дайын болмай шықты. Рас, қысқа мерзімді шаралар қолға алынып жатыр. Бірақ жағдай 4-5 айға созылып кете беретін болса, не болмақ? Үкіметтің қандай жоспары бар? Белгісіз.

qazaquni.kz

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.