Азаматтық істер бойынша сот отырысы хаттамасын жүргізу тәртібі

Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 281 бабы хаттама жүргізудің мендеттілігі бірінші сатыдағы соттың әрбір сот отырысы туралы, сондай-ақ отырыстан тыс жасалған әрбір жекелеген процестік әрекет туралы жазбаша нысанда хаттама не сот отырысының аудио-, бейнежазбасы жүргізілген кезде қысқаша хаттама жасалады.

Іске қатысатын адамдардың барлығы сот отырысына келмеген не сот отырысы жаңа дәлелдемелер зерттелмей өткізілетін жағдайда, сот отырысының хаттамасын жүргізу туралы мәселені судья шешеді.

Істі бірінші сатыдағы сот талқылауына дайындау кезінде осы сатыда шешім даудың мәні бойынша шығарылатын жағдайларды қоспағанда, хаттама тараптың өтінішхаты бойынша не соттың бастамасы бойынша жүргізіледі.

Істі апелляциялық сатыдағы сот бірінші сатыдағы соттың қағидалары бойынша қарайтын жағдайларды қоспағанда, сондай-ақ ҚРАзаматтық процестік кодекстің 413-бабының екінші бөлігінде және 420-бабының төртінші бөлігінде көзделген қағидалар бойынша жаңа дәлелдемелер зерттелген жағдайда апелляциялықсатыдағы соттың сот отырысында хаттама жүргізу міндетті емес.

Кассациялық сатыдағы сотта хаттама жүргізілмейді.

Хаттаманың мазмұны – Сот отырысының немесе отырыстан тыс жасалған жеке процестік әрекеттің хаттамасы істі талқылаудың немесе жеке процестік әрекет жасаудың барлық елеулі мән – жайларын көрсетуге тиіс.

Хаттамада – сот отырысының жылы, айы, күні, және орны;

сот отырысы басталған және аяқталған уақыт;

істі қарайтын соттың атауы, сот отырысы судьясының, хатшысының тегі мен аты – жөні;

істің атауы;

соттың стенографияны қолданғаны туралы мәліметтер және процесте аудио,- бейнежазба жүргізудің мүмкін еместігінің себептері;

бейнеконференц – байланыс жүйелерін және өзге де техникалық құралдарды пайдалану туралы, сондай – ақ киноға және фотоға түсіруді жүргізу туралы мәліметтер;

іске қатысатын адамдардың, өкілдердің, куәлардың, сарапшылардың, мамандардың, аудармашылардың келгені туралы мәліметтер;

іске қатысатын адамдарға, өкілдерге, сондай-ақ аудармашыға, сарапшылар мен мамандарға олардың процестік құқықтары мен міндеттерінің түсіндірілгені туралы мәліметтер;

төрағалық етушінің өкімдері және сот отырысы залында шығарылған ұйғарымдар;

іске қатысатын адамдар мен өкілдердің арыздары, өтінішхаттары мен түсініктемелері;

куәлардың ауызша айғақтары, сарапшылар мен мамандардың түсіндірмелері;

дәлелдемелер мен құжаттардың жария етілгені және зерттеудің, аудиожазбаларды тыңдаудың нәтижелері және бейнежазбаларды, киноматериалдарды қарау туралы мәліметтер;

іске қатысатын мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қорытындысы туралы мәліметтер;

сот отырысы залында орын алған сұрақтар мен жауаптардың мазмұны;

сот отырысындағы үзіліс туралы және іс кейінге қалдырылған кезде жаңа сот отырысының күні туралы мәліметтер;

сот жарыссөздері мен репликалардың мазмұны;

іске қатысқан прокурордың қысқаша қорытындысы;

шешімнің жария етілгені және оны қабылдаудың құқықтық негіздері мен салдарларының түсіндірілгені туралы, оны түпкілікті нысанда дайындау мерзімі, шағым жасаудың тәртібі мен мерзімін түсіндіру туралы мәліметтер;

іске қатысатын адамдарға сот отырысының хаттамасымен және сот отырысының аудио,- бейнежазбаларыментанысу және оларға ескертулер беру құқықтарының түсіндірілгені туралы мәліметтер.

хаттаманың түпкілікті нысанда жасалған күні көрсетіледі;

істі талқылаудың аудио,- бейнежазба құралдарын пайдалана отырып тіркеп жазған кезде қысқаша хаттама жасалады;

қысқаша хаттаманың мазмұны осы баптың екінші бөлігінің 1), 2), 3), 4), 6), 13-1), 16) және 18) тармақшаларында көрсетілген талаптарға сәйкес келуге тиіс, сондай-ақ онда соттың аудио-, бейнежазба құралдарын пайдаланғаны туралы, аудио-, бейнежазба қамтылған файлдың атауы көрсетіледі;

аудио-, бейнежазба жеткізгіші және қысқаша хаттама іске қоса тіркеледі.

Хаттаманы жасау – сот отырысының немесе жеке процестік әрекеттің хаттамасын сот отырысының хатшысы жасайды не сот отырысының аудио-, бейнежазбасы жүргізілген кезде қысқаша хаттама жүргізіледі.

Күрделі істер бойынша қысқаша хаттама мәтінді автоматты де тану арқылы алынған аудиожазбаның мәтінін таратып жазумен сүйемелденуі мүмкін.

Хаттама, қысқаша хаттама компьютерлік, машинкада жазу не қолмен жазу тәсілдерімен жасалады.

Іске қатысатын адамдар немесе олардың өкілдері сот отырысының хаттамасымен, қысқаша хаттамамен, аудио-, бейнежазбаның мазмұнымен олар дайындалған және оларға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде танысуға құқылы. Көрсетілген тұлғалар танысқаннан кейін үш жұмыс күні ішінде хаттамаға, қысқаша хаттамаға, аудио-, бейнежазбаға жасалған процестік әрекеттердің және олардың нәтижелерінің тіркелуінің толық еместігін көрсете отырып, жазбаша түрде немесе электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжатнысанында ескертулер беруге құқылы.

Арыс аудандық сотының Бас маман-сот мәжілісінің хатшысы     

                                            Сулейменова Жазира Галижановна

 

 

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.