Б.ӘБДІЛМАНОВ, актер: …тоқтау салатын кез жеттi

Ұлтжанды зиялы азаматтардан тұратын көркемдік кеңес кұру киноға өте қажет болып тұр. Өйткені қазір қолына камера ұстағанның бәрі кино түсіргіш болып алды. Жеке студиялар да көбейді. Міне, солар ойына келгенін түсіріп жатыр. «Қарой» деген сұмдық қой енді. Халықты алға оздыратын емес, тоздыратын ондай азғындықты дәріптеу кімге керек? «Ақша менікі, өзім білемін» дейді түсірушілер. Бірақ бір нәрсені білсін олар: мемлекет біреу, ал оның руханияты көрінген ойыншыққа айналдыратын дүние емес. «Ақша өзімдікі» десе, мейлі үй салсын, басқа қылсын, бірақ кино – халықтың игілігі, өнер халықтікі. Өзіміз қазақ бола алмай жатқанда қазақты мазақ кылатын дүниелерге тоқтау салатын кез жетті

«АА»

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.