Б.Тұрсымбаев: Бiрақ 1 миллиард 100 миллион доллар жоқ
Жағымпаздық көрсетіп табынып жүргендердің барлығы жемқорлар. Кім жемқор – сол жағымпаз. Олардың барлығы бір қызметтен бір қызметке ауысып жүр. Бүгін әкім болады, ертең министр болады. Бұл халықты алдау деген сөз.
Кейбір сарапшылар айтады, «біз Ресей экономикасына байланып қалғанбыз» деп. Неге біз байланып қаламыз? Біз өзіміз егеменді мемлекетпіз. Біздің өзіміздің Ұлттық Банкіміз бар, Алтын валюта қорымыз бар. Сондықтан егер бүгінгі күні халықтың жалақысын, зейнеткерлердің зейнетақысын көбейтетін болса, онда теңге бір аптаның ішінде 30 теңгеге ойнауы мүмкін. Неге десең, халықтың қолында көбірек ақша болады, олар барады да айырбастайды валютаны. Сол кезде барып валюта көтеріледі.
Жемқорлармен күресетін орган–парламент. Депутаттардың барлығы кімнің жемқор екенін, кімнің қандай жұмыс істеп жатқанын біледі. Халық ғаламтордан оқып, біліп отыр. Сенат депутаты Т.М-ның қарындасы бір топты ұйымдастырып, 2005 жылдан бері 1 миллиард 100 миллион доллар несие алған. Ол несие әлі күнге дейін қайтарылмаған. Қарындасы, оның отбасы–барлығы шетелге қашып кеткен. Бірақ 1 миллиард 100 миллион доллар жоқ. Ол біздің жылдық экономикамыздағы жалпы ішкі өнімнің 1 пайызы. Бір адамның істегені осы.
«The Qazaq Times»