Б.ТҰРЫС, актер; Тыйым көрмеген баладан тексiз шығады
Біз үлкенін ардақтаған, салт-жорасын салмақтаған, дәстүрім – дәулетім, ғұрпым – ғұмырым, салтым – санам деп өскен текті ұлттың ұрпағы едік қой. Бүгінде салт-дәстүрмен санасудан гөрі заңнан ғана қорқу, сырт көзден ғана қаймығу басым. Дәстүрлі өмір салтымыздан жаңылып, ата-бабамыз қалыптастырған ұлтымыздың ең тамаша қасиеттерінің бірі болып табылатын адамдар арасындағы өзара кісілік, үлкен мен кішінің, туыс пен туғанның, жат пен жақынның, еркек пен әйелдің қатынас-қалыптарының шырқын бұзып алдық. Қазақтың кез келген ұлттық әдет-ғұрпында кісілік, адамгершілік, мейірім бар еді.
“Тыйым көрмеген баладан тексіз шығады. Тектеу адамды әдептілікке үйретеді”. Міне, қазақтың төл тәрбиесінің озық үлгісі. “Ұят болады” мен “обал боладыны” баласының санасына тәй-тәй басқаннан, алғаш былдырлай бастағаннан сіңіріп келген қазақ бүгінде тыйым мен тектеуді ұмытты. Қазіргі бала жалтақ қоғамның жағымпаз адамдарынан қандай тәрбие көріп отыр?
elana.kz