Б.ТҰРЫС: Ел мен Жердiң иесi кiм?
Байырғы бабаларымыз да ел болуды, өзгелермен терезесі тең болуды көкседі. Ұрпағына ұлан-байтақ қоныс, ұлағатты өсиет-өнеге қалдырды. Ата-бабаларымыздан қыран ұшса – қанаты талатын, құлан жортса, тұяғы тозатын қиялда ғана болатын қиян өлке қалды. Яғни, көктегі құс пен жердегі аңға дейін – қазақтың ұлттық байлығы. Ащы болса да ашығын айтайық, өкінішке қарай, дархан даланың ұлы мұрасы түгел тоналып болды…
Көзіміз көрген соң аң мен құстың жоғалғанын сөз етеміз-ау! Ал жерасты байлығымыз – мұнайымыз бен уранымыз, алтынымыз бен күмісіміз қайда? Ол ол ма, ата-бабам ұрпағына мұраға қалдырған қасиетті Жердің өзін «саудаға салғымыз» келгені ше? Кешіріле ме мұнымыз? Сатқанды былай қойып, жалпыға ортақ құндылықты қалталылардың жекеменшік етіп, басыбайлы иеленуге қақы бар ма еді? Ел мен Жердің иесі кім?
Abai.kz