Бақытбек Смағұл, Мәжіліс депутаты: Мемлекеттік туымызға өзіміз лайықты құрмет көрсетіп жүрміз бе?

Аптадан асып кетті, ағылшынның найсап комигі Саша Барон Коэннің жексұрын тірліктері Қазақстан қоғамын кезекті рет «ызалы жүрек, долы қол, улы сия, ащы тіл» жағдайына жеткізді. Қазақ бейбіт, бітімшіл халық. Біз жаһанға жауыздығымызбен емес, ғалымдығымызбен, өркениеттілігімізбен атымызды шығаруға тиіспіз.

Сонда не істеуіміз керек? Көк байрағымызды сыйлауды өзіміз үйренуіміз керек, әлемге үлгі болуымыз керек және патриотизмді ұрпаққа табыстауға тиіспіз. Мемлекеттік туымызға өзіміз лайықты құрмет көрсетіп жүрміз бе? Ту көтеріліп, Әнұран орындалғанда қолын кеудесіне қоюдан қымсынатындар жетеді. Көк тумен қоқыс таситын да өзіміз. Волонтер балалар «Мемлекеттік рәміздер күні» көшеде тегін тарататын шағын туларды кейін қоқыстан тауып алатынына қынжылады. Өзгені түземес бұрын мұндай сорақы қылықтардан алдымен өзіміз арылғанымыз жөн.

Байқайсыз ба, батыс әбден былғанып, бүлініп барады. Оларда дәстүрлі отбасылық құндылықтар деградацияға ұшыраған. Біз бұдан сабақ алып, салт-дәстүрімізді, рухани ұстынымызды нығайтуға тиіспіз. «Борат» фильмінде айтылатын қатігездік, рухани құлдырау, инцест, жезөкшелік секілді лас нәрсенің Қазақстанға қатысы жоқтығын паш еткеніміз жөн.

baq.kz

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.