Бақытжан САҒЫНТАЕВ, ҚР Премьер Министрі: … кейбір өңірде мүлдем қолға алынбаған.

… әсіресе соңғы айда үлкен өзгерістер болды. Соған қарамастан, мысалы, үй құрылысына келетін болсақ, көпқабатты үйлерді пайдалануға беру Алматы облысында – 20, Атырау облысында – 45, жамбыл облысында – 35, Түркістан облысында – 30, Алматы қаласында 56 пайызды құрайды. Қызылорда облысында бірде- бір үй жоқ. Жарты жыл өтті, сол 20-30 пайыздың соңында жүрміз.

Студенттерді жатаханмен қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстар кейбір өңірде мүлдем қолға алынбаған. Ал Президенттің бес әлеуметтік бастамасына кіретін жатахана мәселесіне келетін болсақ, сегіз өңірде ғана жатахана беруге қол жеткізілген. Басқа өңірлерде бірде-бір жатахана, бірде-бір шаршы метр пайдалануға берілмеген.

«ЖА»

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.