БЕЙБІТ КҮННІҢ БАТЫРЛАРЫ ТӨСБЕЛГІМЕН МАДАҚТАЛДЫ

Ерлік – елдің қасиеті, жүректілік – жігіттің қасиеті. Өз өмірін қатерге тігіп,  жанқиярлық ерліктің жарқын үлгісін танытқан қаһармандар қашан да құрмет пен алғысқа лайық.

Осы орайда, бүгін тосыннан келген төтенше жағдайға төтеп беріп, өзгенің өмірін өлімнен арашалап қалған Агенттіктің Түркістан облысы бойынша Департаментінің қос қызметкеріҚР-ның Төтенше Жағдайлар министрлігінің тарапынан  «Құтқару операцияларына белсенді қатысқаны үшін»  арнайы төсбелгілермен марапатталды.

Соның  бірі,Жетісай ауданында канал суына тұншығып, ағып бара жатқан 5 жасар бүлдіршінді аман алып қалған өршіл рухты азамат — Оразов Марат Рахатұлы.  Ол су ағынының салқын әрі терең екеніне қарамастан, ес-түссіз жатқан жас баланы  бетпе-бет келген өлімнен арашалап, төтенше жағдай кезінде ерен ерліктің  танытқан.

Сондай-ақ, Департаменттің аса маңызды істер жөніндегі аға офицері Ахметов Қанат Мәлікбайұлы  2019 жылдың қыркүйек айында автокөліктің газ қондырғысынан шыққан өрт кезінде өжеттік танытып, дер кезінде тілсіз жауды ауыздықтау арқылы автокөлік иесін ажал аузынан аман алып қалған.

Құқық қорғау саласында қас қақпай қызмет етіп,  ел қауіпсіздігін сақтауды өмірлік бойтұмары еткен ержүрек қызметкерлеріміздің бұл батылдық әрекеттері қашанда өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге болып қала бермек.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.