Бейжіңде «Самұрық-Қазына» тең төрағалығымен Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесі өтуде
Бүгін Бейжіңде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытай Халық Республикасына ресми сапары аясында Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесінің кезекті отырысы өтті.
ҚХР Халықаралық сауда бойынша көмек комитеті және «Самұрық-Қазына» АҚ бірлесе ұйымдастырған жиынға қазақстандық ұлттық және жеке компаниялардың топ-менеджерлері және қытайлық бизнес қауымдастықтың 300-ден астам өкілі, оның ішінде Қытайдағы ірі мемлекеттік корпорациялардың басшылары қатысуда.
«Біз алдағы уақытта екіжақты экономикалық қарым-қатынасты барынша қарқынды дамытуға мүдделіміз және кешегі екі елдің көшбасшылары қол жеткізген келісімдер, қол қойылған құжаттар тағы бір мәрте мұны растайды және біздің мемлекеттердегі бизнестің өзара іс-әрекетіне және дамуына жаңа мүмкіндік береді. Бүгінде Қазақстан – инвестициялық әлеуеті зор мемлекет. Бұл мақсатта бизнесті жүргізу шарттарын жақсарту және тікелей инвестициялар ағымы бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Бүгінгі бесінші отырыста 40 коммерциялық келісімге қол қою жоспарланып отыр», — деп атап өтті өз сөзінде «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы А. Есімов.
Соның ішінде «Самұрық-Қазына» АҚ және Қытайдың ірі инвестициялық компанияларының біріне айналған «WintaGroup» өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Құжат Қордың басқаруындағы арнайы экономикалық аймаққа қатысу, инвестиция салу және дамыту бойынша стратегиялық ынтымақтастықты қарастырады. KTZ Express және JD Logistics арасындағы келісім «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА көлік-логистика инфрақұрылымы бойынша жәрдемдесуді қоса алғанда трансшекаралық электронды коммерция аясында логистикалық жобаларды дамытуға бағытталған. Airport Management Group және Beijing China-Russia united international logistics Co. Ltd Қазақстан арқылы әуе және жүк тасымалын, оның ішінде Rail Air жобасын дамытуға бағытталған келісімге қол қойды. Тағы үш келісім Қытайдың сауда-өнеркәсіптік банкімен, CNPC GuangxiPetrochemicalCompany, сонымен қатар China Express Airlines жасалды.
«Жақын арада іскерлік кеңестің қызметін ұйымдастыруда жаңа тәсілдерді әзірлеуді жоспарлап отырмыз. Олар бірлескен іс-шараларды, іскерлік кеңесітің жұмысын күшейтуге бағытталады», — деп А.Есімов Елбасы Н.Назарбаевтың Қытай кәсіпкерлерінің қатысуымен өткен дөңгелек үстел барысында атап өтті.
Бүгінде Қазақстан Қытайдың Орталық Азиядағы ең ірі сауда серіктесі болып табылады. Қазақстан экономикасына құйылған тікелей инвестициялардың көлемі бойынша Қытай 4-ші орында. Қазақстан экономикасына бағыттаған жалпы инвестицияның көлемі 17 млрд АҚШ долларын құрады.
«Самұрық-Қазына» АҚ
Қоғаммен байланыс департаменті