Бекболат ТІЛЕУХАН, Мәжіліс депутаты: Сорақылыққа жауап беретін ешкім жоқ

Білім, оның ішінде орта білімнен маңызды нәрсені көріп тұрған жоқпын. Өйткені, бәрінің іргетасы сол. Үйді алтынмен аптап, күміспен күптесең де, мәрмәрдан қаласаң да, іргетасы шірік болған үй құлап қалады. Ал енді жасыратыны жоқ, орта білімдегі сорақылық, оқулық мәселесі қоғамның титығына әбден тиіп бітті. Бала түгіл, ата-ана түсінбейтін тақырып, шешілмейтін есеп қоғамда қандай сынға ұшыраса да, қандай наразылыққа тап болса да, міз баққан жүйе жоқ. Ма­­зақ па, енжарлық па, оны түсінбедік.

Біз ұрпақты азаптап жатырмыз. Бір есепті бала емес, әке-шешесі шығара алмай отырған мұндай білім жүйесі барып тұрған қаскөй жүйе. Сорақылыққа жауап беретін нақты ешкім болған жоқ.

Бүгінгі білім жүйесін қарап отырсақ, құрдымға беттеп бара жатыр. Қай жағынан келсек те, сын көтермейді.

inform.kz

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.