Бельгияда 8 жастағы бала оқуын университетте жалғастыратын болды
Бельгияда орта мектепті 1,5 жылда бітірген 8 жастағы бала университетте оқуын жалғастыратын болды.
«BBC» мәліметтеріне қарағанда 6 жылдық жалпы білімді 1,5 жылда тәмамдаған Лаурент Симонс енді жоғары оқу орнында оқиды. Лауренттің білім деңгейі IQ тесті бойынша 145 балға тең болған.
Бельгиянің «RTBF» радиосына сұқбат берген Лаурент ең сүйікті пәні ретінде математиканы атаған. Болашақта дәрігер немесе ғарышкер болуды армандайды.
Баланың әкесі ол ешқашан ойыншықтармен ойнамағанын айтады. «Ұлым ертеңгі күні зергер боламын десе, зергерлік оның қолынан келетініне сенімдімін», – дейді Симонстың әкесі.