Бэлла ОРЫНБЕТОВА, Қоғам белсендісі: Нарықты реттейтін не заң, не тәртіп орнатуға мүдделі орган жоқ

Білесіз бе, былтыр желтоқсан айында 1 қап ұнның бағасы 3800 теңге мөлшерінде болған. Қазір 8700 теңге. Саудагерлер жылдың соңына дейін 11-12 мыңға жетеді деп отыр. Қазірдің өзінде екі есе қымбаттаған. Бағаның өскенінен диқандар пайда тауып отыр десеңіз – қателесесіз. Пайданы көріп отырған – арадағы делдалдар. Бюджетке оның бір тиыны да түспейді. Себебі нарықты реттейтін не заң, не тәртіп орнатуға мүдделі орган жоқ.

Ал 1 млн. доллар пара алған Хор­гос­тың бұрынғы басшысы Василий Ни есіңізде ме? Оны сот залынан бостан­дыққа шығару туралы шешім қабылдаған судья Мартпек Кәкімжановты Жоғарғы сот судьялығына ұсыныпты. Сыбайлас жемқорлықты түйсіну индексі (CPI) бойынша Қазақстан 124-орында тұр. Бір жыл ішінде онсыз да соңғы позициядан тағы екі орынға артқа шегіндік. Себебі бізде жемқорлықпен күрес емес, қайта ынталандыру жүріп жатқандай. Заң алдында барлық азамат тең емес.

«Д»

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.