БЕЛСЕНДІ ДАУЫС БЕРУШІЛЕР БАСЫМ

Мен, Ортаев Қуаныш Айтуғанұлы Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер енгізу бойынша дауыс беру күні Шымкент қаласы Абай ауданында орналасқан №7 сайлау учаскесінде «AMANAT» партиясының өкілі бақылаушы болып қатыстым. Өз басым еліміздегі барлық ауқымды саяси өзгерістерді Конституцияда бекіту қажет деп білемін. Бұл-біз өмір сүріп жатқан, жаңа Қазақстанды құратын басты және негізгі заң болып табылады. Қоғам өзгеруі үшін алдым ен заңды өзгертіп, бекітіп алу шарт.

Әрбір азамат өз елінің жаңа тарихын қалыптастыруға атсалысуы тиіс деп есептеймін. Қазақстанның басты заңына негізгі өзгерістер енгізу бойынша бүгін өтіп жатқан референдум осындай мүмкіндік береді деп сенемін. Мен бақылаушы болған №7 сайлау учаскесінде дауыс беру процесі таңертеңнен бастап өте қарқынды жүрді. Жалпы аталған сайлау учаскесінде 1989 сайлаушы тіркелген болса соның 20%-дан астамы алғашқы 2 сағатта келіп өз дауысын берді.

Әрбір қазақстандық, жаңа Қазақстанның болашағы үшін, мемлекет пен оның азаматтары арасындағы жаңа қарым-қатынастар үшін дауыс беріп жатқанын көріп қуандым. Осы тарихи оқиғаның ортасында болып елімнің ертенгі тағдырына аз да болса үлес қосқаныма бойымды мақтаныш кернейді.

Қуаныш Ортаев, №7 сайлау учаскесінің бақылаушысы

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.