Берік Уәли Жамбыл облысына қызметке келе ме?
Әбден мүмкін, Жаңа мыңжылдықта жарқ етіп шыққан бір топ қазақ қаламгерлері ішінде шоқтығы биік көрінетін Берік Уәли бүгінде билік этолонының қай бұрышынан көрінсе де таңдана қоймаспыз.
Қарымды қаламгерлерлікті саясаткерлікпен шебер ұштастыра білген Берік Уәли кез-келген басшылық қызметте де сыннан сүрінбей өте алатынын көрсеттті. Оңтүстікке облыс әкімінің баспасөз қызметі жетекшісі болып келген Берік Уәли аз уақытта өзінің алғырлығымен танылып, облыстық ішкі саясат басқармасының тізгінін ұстауға қолын жеткізді. Өзінің алғырлығымен, ізденімпаздығымен, еңбекқорлығымен танылып, қатар жүрген қызметте әріптестерін тәнті етті.
Оңтүстікте Наурызды 9 күн тойлауды өмірге әкелді. Өз газетімізде 9 күндік жазылым жүргенімен қолға алынбады. Ал Берік Уәли оны биліктің ресми құжатымен іске қосты. Ұлтжандылығы ерен азамат ел Тәуелсіздік күні мерекесі өткенше көпшілік орындарын шыршамен безендіруді тоқтатқыза білді. Оны бүкіл республика шулап қолдап шыға келді. Оңтүстік журналистикасы тынысын жүйеге түсіре білді. Берік Уәли сол ерен істерін облыстың сол кездегі әкімі А.Мырзахметовпен қоян-қолтық араласып жүріп істегені баршаға аян ғой.
Демек, Берік Уәли Жамбыл облыс әкімінің иделогиялық істері жөніндегі орынбасары қызметіне келетініне дау жоқ. Одан облыс әкімі де, өзгесі де ұтылмайды. Бұл – Берік Уәли үлкен өмір мектебіне дайындаудың сәтті сабағы болары анық. Басшылықта іскер азаматтардың молая түсуіне не жетсін?!
Әділ Қази