БЕС ОБЛЫСТА ҚОЛАЙСЫЗ АУА РАЙЫНАН ЖОЛ ЖАБЫЛДЫ
Қазақстанның бес облысында қолайсыз ауа райы салдарынан бірқатар көлік жолдары жабылды. «ҚазақАвтоЖол» ЖШС-ның мәліметі бойынша, 16 қаңтар сағат 21:00-ден бастап жауын және көктайғаққа байланысты Алматы облысында республикалық маңызды Алматы-Шелек- Қорғас жолдарында барлық көлік түрлерінің қозғалысы тоқтатылды. Сондай-ақ Үшарал-Достық (83-184 км, с. Көктума — ст. Достық) бағыттарында көліктің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды. Батыс Қазақстан облысында 16 қаңтар сағат 19:00-ден бастап көктайғаққа байланысты Өнеге — Бисен — Сайхин тас жолында (0-103 км, Онеге — Сайхин) жүк және жолаушылар көлігінің жүрісіне шектеу қойылды. Орал-Тасқала-РФ шекарасы жолы жабылды. Қарағанды облысында 16 қаңтар сағат 19: 30 -ден бастап көктайғаққа байланысты «Алматы — Екатеринбург» (637-489 км, Балқаш қаласы — Жамбыл облысының шекарасы) жүк және жолаушылар көлігінің жүрісіне шектеу қойылды. Жамбыл облысында 16 қаңтар сағат 19: 35-тен бастап Қарағанды облысындағы көктайғаққа байланысты «Алматы — Екатеринбург» (343-490 км, Бурылбайтал — Қарағанды облысының шекарасы) жүк және жолаушылар көлігінің жүрісіне шектеу қойылды. Шығыс Қазақстан облысында 16 қаңтар сағат 21:00 -ден бастап көктайғаққа байланысты «Өскемен — Шемонаих- РФ шекарасы» (15-102 км, Глубокое — Шемонаих қаласы) жүк және жолаушылар көлігінің жүрісіне шектеу қойылды.
АҚПАРАТ көзі: inform.kz