БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МОНИТОРИНГ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ҚАРАЛДЫ

Қоғамдық кеңес жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмыстарын бақылау жөніндегі тұрақты комиссия отырысында орта білім беру ұйымдарына жұмысқа орналасу кезіндегі бірқатар кемшіліктер қаралды.
Ж.Өтегеннің төрағалығымен өткен комиссия жұмысына оның мүшелері, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің өкілдері, уәкілетті органның басшысы Ж. Тәжиева, білім беру мекемелерінің басшылары мен БАҚ қатысты.
Күн тәртібінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің нәтижелері қаралды. Онда Шымкент мектептеріне жұмысқа үміткерлерді іріктеу кезінде конкурстық комиссиялардың қызметіне байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды.
«Мектеп директорлары әлі күнге дейін барлық конкурстар бойынша әңгімелесу өткізуде. Ал заң жүзінде әңгімелесу кандидаттардың балдары тең болған жағдайларда ғана өткізіледі. Іс жүзінде заңнамада тұлғалармен тікелей байланыс мүлдем орнатылмайды» – деп атап өтті Департаменттің бас маманы А.Қапалбаева.
Жиында білім беру саласы көптеген адамдарды қамтитындықтан, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша жұмыс қызметкерлер мен оқушылар, сондай-ақ олардың ата-аналары арасында тұрақты негізде жүргізілетіндігі айтылды.
Іс-шара барысында Комиссия жұмысының нәтижелері тыңдалып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағыттары анықталды.
Сонымен қатар, қатысушыларға 2022-2026 жылдарға арналған Тұжырымдама шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты одан әрі дамытудың жаңа тәсілдері түсіндірілді.
Қоғамдық кеңестің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою үдерістеріндегі, сондай-ақ олардың №4 үлгілік базалық бағыттың іске асырылуын бақылаудағы маңызды рөлі атап өтілді.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.