БІР ОТБАСЫНДАҒЫ ЕКІ ПРОФЕССОРДЫҢ ЕСЕЛІ ЕҢБЕГІ
Бүгінде есімі республикаға танымал, туған өңірінің қалың жұртшылығы құрметпен атайтын педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Педагогикалық ғылымдар академиясының академигі Молдабек Құлахмет туралы сөз айтылса, оның ерен еңбекқорлығы мен ізденімпаздығы, өлшеусіз қажыр-қайраты мен ғылым жолындағы берік ұстанымы, қазақ азаматына тән көркем мінезі алдымен ауызға алынатыны баршамызға аян.
Молдабек Құлахмет қазіргі Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Шұбар ауылында 1947 жылдың ақпан айында дүниеге келді. 1965 жылы Шымкент қаласында №7 Қ.Сыпатаев атындағы орта мектепті бітіріп, өскен қаласындағы пединститутына оқуға түседі. 1969 жылы Шымкент педагогикалық институтының филология факультетін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген соң еңбек жолын мектепте ұстаз болудан бастаған.
Ол 1969-1977 жылдары мектепте мұғалім бола жүріп, кәсіби шеберлігін шыңдаумен бірге қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып, мектептің комсомол ұйымының хатшысы қызметін қоса атқарады.
1977-1979 жылдары Шымкент педагогикалық институтының бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі кафедрасында лаборант, аға лаборант болып қызмет істеген. Ғылымға бейімділігін нақты істермен көрсете білген Қ.Молдабек 1979 жылдан оқытушы, 1983 жылы аға оқытушы болып қызмет істейді. Ғылым жолындағы ізденістері нәтижесінде Молдабек Құлахмет 1985 жылы филология ғылымдарының кандидаты атағын ойдағыдай қорғап шығады. 1989 жылы доцент атағы берілсе, ізденімпаз ғалым 1990-1996 жылдар аралығында кафедра меңгерушісі болып қызмет атқарады. 1996-2004ж. университеттердің бірігуіне байланысты М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі қызметін абыроймен атқара білді.
Қ.Молдабектің 2019-2020 оқу жылына арналған магистратура және докторантураға «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығына арналған модульдік білім беру бағдарламалары жаңа талаптарға сай жасалынып, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Реестріне енді.
1969-2019 оқу жылында жарық көрген жалпы ғылыми еңбегi – 371-ден астам болса, соның ішінде 8 монография, 9 сөздік, 1 РУМС шығарыпты.
ЖОО-ның оқу кеңесімен ұсынылған 19 оқу құралдарын жазып шығыпты. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы қадағалау мен аттестаттау комитеті бекіткен басылымдарда 48 еңбегі жарияланған. Скопус деректер базасына тіркелген журналдарда 6 мақаласы жарияланып, тәртіппен бекітілген электрондық оқыту құралдарынан 12-ін дайындапты. Еселі еңбегімен 18 авторлық куәліктің иесі атанған.
Зерттеу жұмысының нәтижесінде «Қатысым әдісі: теориясы мен әдістемесі» (2011ж.), «Мұхаметжанның бал тілі немесе баланың сөздік қорын анықтау амалы» (2015ж.), «Methods and ways of linguocognitive exercises teaching a foreign language» (2017ж.) атты ғылыми монографиялары жарық көрді. «Отбасы педагогикасы» (2019ж.), «Отбасы мен балабақшадағы тәрбие үдерісі сабақтастығының педагогикалық шарттары» (2019ж.) еңбектерін жариялаған. «Ауызекі тілдегі сөз және сөз тіркестерінің түсіндірме сөздігі» (2017ж.), «Бастауыш сынып оқушыларының қазақша-орысша сөздігі» (2019ж.) сөздіктеріне авторлық куәлік алған. «Grammatical-Stylistic Analysis of the Results of the Quantitative Grammatical Research of Textbooks for Elementary Grades And Children’s Literature», «Ways of realization of inter subject communications in educational process», «Students’ Environmental Competence Formation as a Pedagogical Problem», «Pedagogical Research Methods of Trainig in Higher Educational Establishments: A Comparative Analysis» скопус базасында мақалалар жарық көрді.
Өзінің жарты ғасырға жуық саналы ғұмырын еліміздің жоғары оқу орнында қызмет етуге жұмсап, ғылым саласын дамытуға өлшеусіз үлесін қосқан жерлесіміз Молдабек Құлахметтің бұл салада соны соқпағы жатыр. Олай дейтініміз, ол Қазақстанда бастауыш сыныптарға терең де тиянақты білім берудің өзекті мәселелерін көтерген қазақ ғалымдарының алғашқыларының бірі бола білді. «Инемен құдық қазғандай» делінетін тынымсыз еңбектің тұтқасын ұстап, оны оң нәтижеге жеткізудің жетістіктері ескерусіз қалуға тиісті емес болса, адал еңбек, жұмсалған қажыр-қайрат лайықты бағасын да ала білді.
Ол 2001 жылы ҚР Жаратылыстану ғылымдары академиясының мүше-корреспонденті болып сайланады. Ізденімпаз ғалым 2010 жылы Педагогика ғылымдарының докторы ғылыми атағын ойдағыдай қорғап шықты.
Қазіргі Silkway халықаралық университетінің (бұрынғы ОҚПУ) «Үздік жыл ғалымы» атағын 2016 жылы алған Молдабек Құлазмет осы жылы Вена қаласында шығатын (European Science Review / Европейское научное обозрение; Austrian Journal of Humanities and Social Sciences / Австрийский журнал гуманитарных и общественных наук; European Journal of Education and Applied Psychology/ Европейский журнал образования и прикладной психологии) атты журналдардың редколлегия мүшесі қоғамдық қызметін де абыроймен атқара білді.
Осы жылы Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрінің «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2016» атағының иегері атанды. Ол 2017ж. 13 мамырында Қазақстан Педагогикалық ғылымдар академиясының академигі болып сайланса, ал 18 шілдеде Педагогика мамандығы бойынша профессор атағы берілді.
Оған 2017 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің Грамотасымен марапатталумен бірге, Ордабасы ауданының “Құрметті азаматы” атағы берілді.
Оңтүстіктің төл перзенті, көрнекті ғалым Молдабек Құлахмет ерен еңбегі үшін 2018ж. “Облысқа сіңірген еңбегі үшін” медалімен марапатталады.
Молдабек Құлахметтің өмірлік жары Кенжебекова Рабиға Ибрахимқызы п.ғ.к., профессор, ҚПҒА академигі. Ол – 3 қыз, 5 баланың әкесі,10 немере, 2 шөберенің атасы болған шуақты отбасының бәйтерегі.
Ал Кенжебекова Рабиға Ибрахимқызы қазіргі Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Берген Исаханов ауылында 1961 жылы маусымда дүниеге келді. 1979 жылы осы аудандағы М.Ломоносов атындағы орта мектепті бітіріп, 1980 жылы Шымкент педагогикалық институтының дайындық бөлімінде математика пәні бойынша дайындалып, аталған институтта 1984ж. «Физика-математика» факультетін математика пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген.
Институтты бітіргеннен кейін еңбек жолын 1984-1988 жылдары мектепте мұғалім болып бастап, ал 1989 жылдан Шымкент қаласы, Еңбекші ауданындағы №65 Ы.Алтынсарин атындағы гимназия- мектебінің бірінші оқу істері жөніндегі орынбасардың қызметін атқарды.
1993 жылы Шымкент педагогикалық институтының информатика және математика кафедрасына лаборант болып орналасып, ал 1994-2004 жылдары «Бастауыш оқу теориясы мен әдістемесі» кафедрасының оқытушы, аға оқытушысы болып жұмыс істеді.
Кенжебекова Рабиға 2005 жылы педагогика ғылымдарының кандидаты атағын ойдағыдай қорғап шығады. Ол 2011 жылы доцент атағын алады. Жауапкершілік жүгін тереңнен сезіне білген доцент өзінің ғылыми ізденістерін күшейтумен бірге студент шәкірттерімен жұмыс жүргізуге басымдық берумен қызмет атқарады.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің 5В010200 – «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша 2015 ж. Республикалық студенттердің пәндік олимпиадасына «Қызғалдақ» командасын дайындап, жас ұрпаққа білім мен тәрбие берудегі белсенді еңбегі үшін Алғыс хатпен марапатталды.
“Жaңapтылғaн oқy бaғдapлaмacы бoйыншa бacтayыш cыныптa өз бeтiншe eceптep шығapy ic-әpeкeттepiн ұйымдacтыpy” тақырыбында 2018 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Төртінші өнеркәсіптік революциясын іске асыруда қазақстан жастарының үлесі» атты жаратылыстану, техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық және экономикалық ғылымдар бойынша 21-ші Республикалық студенттік ғылыми конференциясында 102-42 топ студенті А.Түзелбаеваны дайындап, жаңашыл жарқы жұмысымен ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Оның 2019-2020 оқу жылындағы магистратура және доктарантураға, «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығына арналған модульдік білім беру бағдарламалары жаңа талаптарға сай жасалынып, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Реестріне енді.
Тұрақты ізденістер мен тынымсыз еңбек, яғни көз майын тауысқан жұмыстар ғылым саласын дамытуға сүбелі үлес қосты. Рабиға Кенжебекованың 1994-2019 оқу жылында жарық көрген жалпы ғылыми еңбегi – 322-ден астам болса, соның ішінде 5 монография, 2 сөздік, 1 РУМС бар.
ЖОО-ның оқу кеңесімен ұсынылған 10 оқу құралдарын жазыпты. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы қадағалау мен аттестаттау комитеті бекіткен басылымдарда 38 еңбегі жарияланған болса, Скопус деректер базасына тіркелген журналдарда 6 мақала жазып, тәртіппен бекітілген электрондық оқыту құралдарынан 17-сін жазып, 18 авторлық куәліктің иесі атаныпты.
Р.Кенжебекова «Бастауыш мектепте ойын есептерін пайдалану» (2013ж.), «Бастауыш математика курсындағы олимпиадалық есептер» (2016ж.) , «Бастауыш сынып математикасынан сыныптан тыс жұмыстар: теориясы мен әдістемесі» (2017ж.) атты ғылыми монографиялары жарық көрген. Ол республикалық оқу әдістемелік кеңесі ұсынысымен «Бастауыш сыныптағы қызықты математикалық тапсырмалар», «Бастауыш математика курсында шығармашылық қызықты есептер» (2015ж.), «Жинақталған мәтіндік және логикалық есептер» (2017ж.), «Бастауыш сыныптағы сауат ашу жүйесі: теориясы мен әдістемесі» (2017ж.) т.б. оқу құралдарын жазған. «Бастауыш математика курсында шығармашылық қызықты есептер» (2015ж.), «Математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі» (2015ж.), «Бастауыш сынып математикасынан сыныптан тыс жұмыстар: теориясы мен әдістемесі» (2018ж.), «Балалардың қарапайым математикалық түсініктерін жетілдіру» (2019ж.) атты еңбектері жарық көрді. «Ауызекі тілдегі сөз және сөз тіркестерінің түсіндірме сөздігі» (2017ж.), «Бастауыш сынып оқушыларының қазақша-орысша сөздігі» (2019 ж.) сөздіктерін жасап, авторлық куәлікке ие болды. «Modern Methodology and Techniques Aimed at Developing the Environmentally Responsible Personality», «Grammatical-Stylistic Analysis of the Results of the Quantitative Grammatical Research of Textbooks for Elementary Grades And Children’s Literature», «Ways of realization of inter subject communications in educational process», «Students’ Environmental Competence Formation as a Pedagogical Problem», «Pedagogical Research Methods of Trainig in Higher Educational Establishments: A Comparative Analysis» скопус базасында мақалалары жарық көрді.
Еселі еңбегімен қол жеткізген жетістіктері де жетерлік. Ол 2013 жылы Ресей Жаратылыстану Академиясының 18.09 2013ж. шешімімен жоғарғы мектептегі педагогиканы дамытуда қол жеткізген табыстары үшін «Жоғары білім берудегі новаторлық жұмысы үшін» Алтын медалімен марапатталды.
10.09 2013 ж. шешімімен «Ғылым мен білімге еңбегі сіңген қызметкер» Құрметті атағы берілді.
Р.Кенжебекова Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрінің «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2015» атағының иегері атанса, осы жылы Қазіргі Silkway халықаралық университетінің (бұрынғы ОҚПУ) «Үздік жыл ғалымы» атанды. Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының Корреспондент мүшесі болып сайланған.
Ұлағатты ұстаздың қажырлы еңбегі бағаланып, 2018 жылы Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министірлігінің «Құрмет грамотасымен» марапатталынады.
2018 ж. 17 шілдедегі №1160 бұйрықпен Р.Кенжебековаға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің шешімі негізінде Педагогика мамандығы бойынша профессор атағы берілді.
Қазақстан Педагогикалық ғылымдар академиясының толық мүшесі (академик) болып сайланған 2018 жылды ғалымның өлшеусіз еңбегіне берілген әділ баға деп білген жөн.
Биылғы жыл да прфессор Р.Кенжебекова үшін ұзақ жылдардағы тынымсыз еңбегінің лайықты бағасын алған жемісті жыл болды десек болады. Өйткені жылды Silkway халықаралық университетінің «Алғыс хатын» алумен бастады.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі көп жылғы еңбегі мен білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі, өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеуге қосқан үлесі және жеткен жетістіктері үшін министр А.Аймағамбетовтен Алғыс хатын алды.
ҚР БҒМ Мемлекет тарихы институты және “Bilim-orkenieti”
ұлттық инновациялық ғылыми-
зерттеу орталығы» п. ғ. к.,
профессор Р.Кенжебекованы “Үздік ғылым кандидаты-2019” төс белгісімен және І дәрежелі дипломмен марапаттады.
Сондай-ақ ҚР БҒМ Мемлекет тарихы институты және “Bilim-orkenieti” ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы»
п. ғ. к., профессор Р.Кенжебековаға “Қазақстанның Құрметті ұстазы” төс белгісін тапсырып, І дәрежелі дипломның иегері атағын берді.
Өмір тынысының қадірін тереңнен білетін алғыр ойлы, жарқын мінезді жанды өмірде профессор, педагогика ғылымдарының докторы ҚПҒА академигі Молдабек Құлахметтің асыл жар, сенімді серігі болумен бірге, ұл мен қыздың да өнегелі анасы, ғылым саласында өшпес із қалдырған қазақтың мақтан тұтар ардақты қызы десек, артық айтқандық бола қоймас.
О.Тәжиев.