БИЫЛ ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА 5 МЫҢҒА ЖУЫҚ АБОНЕНТ КӘРІЗ ЖҮЙЕСІМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Еңбекші ауданындағы 35 елдімекеннің тұрғындар шоғырланған негізгі бөлігі инженерлік жүйелермен қамтылған. Бұл жөнінде бүгін Еңбекші ауданының әкімі Д.Есілбек @akimat_shymkent парақшасында өткен тікелей эфир кезінде айтты. Аудан басшысы биылғы жылғы атқарылатын жұмыстарға кеңінен тоқталып, тұрғындардан келіп түскен 40-тан аса сауалға жауап берді.

✔Биыл 6 тұрғын алаптың (Қарабастау, Жұлдыз, Қаратөбе, Тоғыс, Айнатас, Жыланбұзған) жаңақұрылыс аймағындағы 2 мыңнан аса абонентті ауыз сумен қамту мақсатында ЖСҚ әзірленді. Осы жылы құрылыс жұмыстары басталса, ауданның 2023 жылы ауыз сумен қамту көрсеткіші 100 %-ға жетеді.

✔ 2500 абонентті сапалы электр қуатымен қамту үшін жобалау-сметалық құжат әзірленді. Биыл құрылыс жұмыстарын бастау күтілуде.

✔13 тұрғын алаптың жаңақұрылыс аймағындағы табиғи газ жүйесімен қамтылмаған жалпы 6149 абонентке сәулет-жоспарлау тапсырмасы (АПЗ) әзірленуде. Ауданды толығымен 2025 жылы табиғи газбен қамту жоспарда бар.

✔ Ұлағат, Мирас, Шапағат-2, Солтүстік-шығыс, Жұлдыз елдімекенінің 5 мыңға жуық абоненті кәріз жүйесімен қамтылады.

✔34 көше жарықтандырылады.

✔ 69,9 шақырымды құрайтын 116 көше асфальтталады, оның ішінде басымдылық шалғай аумақтарға беріліп отыр.

✔«Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында көпқабатты 51 үйдің ауласы абаттандырылып, Тұрдыабад, Қарабастау, Бадам-2 т/а, Оңтүстік, Цементшілер ш/а балалар ойын алаңшалары құрылады.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.