БҚО әкімінің есеп беру кешінде залды әсемдеу үшін 3 млн теңге бөлінген
БҚО-да облыс әкімі Алтай Көлгіновтің халық алдында есеп беретін уақыты жақындап келеді. Осыған орай, облыстық ішкі саясат басқармасы әкімнің есеп беру кешінде залды әсемдеушілерге арнап тендер жариялады деп хабарлайдыУральская неделя басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Лот 2 млн 950 мың теңгеге бағаланған. Тапсырыс берушілер Көлгіновтің есебі кезінде залға екі LED экран, баннер, 800 орындық пен 8 су ішетін диспенсер орнатып, баспасөз орталығын жабдықтап, еденге ковролин төсеуді сұраған.
Одан бөлек, синхронды аударма бөлімі мен залды аудио және жарықпен жабдықтау да тапсырыс алушының міндетіне кіреді.
БҚО әкімі Алтай Көлгіновтің халыққа есеп беру жиыны 16 ақпанда өтеді деп жоспарланып отыр.
Фото www.inform.kz.