БҚО-да тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің 76 000 клиенті 2019 жылдың қорытындысы бойынша мемлекет сыйлығын алады
БҚО-да тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің 76 000 клиенті 2019 жылдың қорытындысы бойынша мемлекет сыйлығын алады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша мемлекет сыйлығын өңірдің шамамен 76 000 тұрғыны ала алады. Қазір Батыс Қазақстан облысында осындай ТҚЖБ салымшылары бар. Олардың 19 328 ккелісімшарттарды осы жылы ашқан. Бұл туралы бүгін журналистермен кездесуде банк филиалының директоры Аида Ипатова мәлімдеді.
— Бүгінгі таңда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымдар бойынша ең жоғары тиімді мөлшерлемені — 13% — ға дейін ұсынады. 2% базалық мөлшерлеме кезінде депозиттер бойынша мұндай табысқа мемлекеттің 20% мөлшеріндегі сыйлықақысы есебінен қол жеткізіледі. Ол 200 АЕК немесе 505 000 теңгеден аспайтын сомаға есептеледі. Яғни, егер бір жыл ішінде біздің клиент осындай соманы жинаса немесе оны бір мезгілде енгізсе, 2019 жылдың қорытындысы бойынша ол ең жоғары сыйақы – 101 000 теңге алады, — деп түсіндірді Аида Ипатова.
ТҚЖБ-де шот бола тұра, мемлекеттік бағдарламаларға қатысуға немесе коммерциялық нарықта шаршы метр сатып алуға болады. Биыл бұл мүмкіндікті өңірдің 8 мың тұрғыны пайдаланды.
2020 жылы Батыс Қазақстан облысында жергілікті әкімдік желісі бойынша «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында жалпы ауданы 42 мың шаршы метр 761 пәтерге 6 нысанды тапсыру жоспарлануда. Оның ішінде 2 нысан «Солтүстік-Шығыс» шағын ауданында және 4 нысан Зачаганск кентінде орналасқан. Тұрғын үйдің орташа құны 1 шаршы метр үшін 140 000 теңгеден басталады. Бұл үйлерден пәтер сатып алу үшін біздің салымшыларға бастапқы жарна 20% — дан басталады, несие бойынша мөлшерлеме жылдық 5% — ды құрайды.
«Әскери баспана» бағдарламасы аясында біздің өңірде 2018-2019 жылдары жалпы сомасы 1,152 млрд.теңгеге 124 қарыз берілді. Оның ішінде 2018 жылы 272 млн теңгеге 31 қарыз берілді, 2019 жылы жалпы сомасы 880 млн теңгеге 93 қарыз берілді.
Тұрғын үй төлемдерін алатын әскери қызметшілер мен арнайы органдардың қызметкерлері бағдарламаға қатысушылар болып табылады. Бағдарламаға қатысу үшін олардан тұрғын үй құнының 15% жинақтаумен тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде арнайы салым болуы қажет, несие 8% — ға дейінгі мөлшерлеме бойынша ресімделеді, осы өнім бойынша қарыздар бастапқы және қайталама тұрғын үй сатып алуға беріледі. Бағдарламаны жаңарту 2020 жылы жоспарланып отыр.
«Бақытты отбасы» бағдарламасы 2019 жылдың 17 шілдесінен басталды. 2019 жылғы 11 желтоқсандағы жағдай бойынша біздің өңірде 169 клиент осы бағдарлама бойынша өтінім берді, оның ішінде 92 клиент қарыз алды, тағы 69 қатысушы оң шешім алып, тұрғын үй іздеу барысында.
Жаңа әлеуметтік бағдарламаға көп балалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар және кәмелетке толмаған балалармен толық емес отбасылар қатыса алады.
Олар үшін несие сомасының 10% мөлшерінде бастапқы жарна болған жағдайда жылдық 2% мөлшерлеме бойынша қарыздар беріледі. Қарыз мерзімі — 20 жылға дейін.
«Бақытты отбасы» бағдарламасының көмегімен алғашқы және екінші нарқтан пәтерлер немесе жеке үй сатып алуға болады. Қарыздың ең жоғарғы сомасы 10 млн теңгені құрайды.
«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша Батыс Қазақстан облысында «ТҚЖБ арқылы несиелік тұрғын үй құрылысы» бағыты бойынша барлығы 9 нысанды, оның ішінде 2 нысанды Ақсай қаласында, 7 нысанды Орал қаласында тапсыру жоспарлануда. Пәтерлердің жалпы саны — 1 369, жалпы ауданы – 78 857 ш.м. 1 ш.м. құны 140 000 теңге.
«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша (жеке тұрғын үй құрылысы) 2020-2021 ж.ж. БҚО, Подстепный а/о, Түкпай к.аз қабатты көп пәтерлі тұрғын үй салу жоспарлануда. Үйлердің саны 20, жалпы ауданы – 12 504 ш.м.,1 ш.м. құны 120 000 теңге.
«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасымен қатар, тұрғын үй құрылыс жинақ банкі өз клиенттері үшін «Өз үйім» бағдарламасы бойынша тұрғын үйді сатуды жоспарлап отыр. Нысан Орал қаласында, Айталиев көшесі, 5-үйде орналасқан. Бұл ЖШС «ХимМашСтрой-Сервис» құрылыс компаниясы салған бес қабатты тұрғын үй. Бұл үйдегі 1 бөлмелі пәтердің құны 8,3 млн теңгеден басталады, 2 бөлмелі пәтер 13,2 млн теңге, үш бөлмелі пәтер-17 млн теңге тұрады.
«Өз үйім» бағдарламасына қатысудың маңызды артықшылығы оның шеңберінде меншікте басқа тұрғын үй алуға рұқсат етіледі.
Осылайй, ТҚЖБ-да жылдық 7% ставка бойынша қарыз алып, қарыз алушы үш жыл ішінде жылдық 5%–дан төмен мөлшерлемеге ауыса алады. Осы тұрғын үйді сатып алу үшін шотта оның құнының 50% болуы қажет.
Клиенттер үшін толық ақпарат алу үшін БҚО, Орал қ., С. Датов к-сі, 28 мекенжайы бойынша Банк филиалына хабарласу қажет немесе www.hcsbk.kzсайтыарқылы кеңесшіні шақыру қажет.