COVID-19 ИНФЕКЦИЯСЫН ЖҰҚТЫРҒАН ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ 2 АЗАМАТЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

27 сәуірдегі соңғы  мәліметке сәйкес, Түркістан облысында COVID-19 инфекциясын жұқтырған тағы 2 азамат тіркелді.

Түркістан облысы, Төлеби ауданы, Көксәйек ауылының 1936 ж. тұрғыны мен Ордабасы ауданы, Бадам станциясының 1994 ж. тұрғынынан COVID-19 инфекциясы расталды.

Аталған азаматтармен  жақын байланыста болғандар анықталуда.

Науқастардың жағдайы орташа, дене қызуы қалыпты, шағымы жоқ.

Жалпы облыс бойынша қазіргі таңда вирус жұқтырғандар саны — 109.

Атап айтқанда, Жетісай -21, Ордабасы-9,  Кентау қаласы -9,

Сайрам ауданы-3, Мақтаарал-5, Арыс қаласы -17, Түркістан қаласы-13, Бәйдібек-2,  Сарыағаш -16, Қазығұрт – 7, Созақ – 5, Түлкібас -1, Төлеби ауданы -1.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.