COVID-19 ПАНДЕМИЯСЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ
Коронавирус ауруының пандемиясы 2019 жылы желтоқсан айында Қытайдың Хубэй провинциясына кіретін Ухань қаласында аурудың таралуы барысында анықталды.
COVID-2019 респираторлы аурудың қоздырғышы болып табылады және әдетте вирусты жұқтырған адаммен тығыз қарым-қатынаста болғанда, мысалы үй жағдайында немесе медициналық мекемеде адамнан адамға ауа-тамшы жолымен таралуы әбден мүмкін. Ол инфицирленген адамнан сау адамға, оның тыныс алу жолдарынан бөлінетін тамшылары, мысалы жөтелгенде, түшкіргенде, сілекей тамшылары немесе мұрын бөлінділері арқылы тарайды.
Клиникалық белгілері: COVID-2019 жұқпасының белгілері басқа да респираторлық аурулардың белгілеріндей болуы мүмкін. Оның клиникалық белгілеріне мұрыннан су ағу, тамақтың ауруы, жөтел және дене қызуының көтерілуі, иіс сезу мен дәм сезудің жоғалуы жатады. Кейбір адамдарда ауыр түрде өтіп, пневмония мен тыныс алудың қиындауына әкелуі мүмкін. Сирек жағдайда ауру өлімге әкеледі. Бұл вирусты аурудың ауыр түрімен егде жастағы, сонымен қатар ағзасында басқа да патологиялары (мысалы, қант диабеті, жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары) бар адамдар ауыруы ықтимал.
– Аурудың таралуы туралы актуальды ақпаратты бақылаңыз;
– Қолдарыңызды үнемі сабынмен жуыңыз және құрамында спирті бар заттармен өңдеңіз;
– Қоғамдық орындарда бетперде тағып, түшкіріп немесе жөтеліп жүрген адамдардан кем дегенде 1 метр ара қашықтықты сақтаңыз;
– Дене қызуыңыз жоғары, жөтел және тыныс алудың нашарлауы, ентігу белгілері болса, бірден медициналық көмек сұрап дәрігерге қаралыңыз!
Респираторлы гигиена ережелерін сақтау барлығына маңызды болып табылады. Сонымен қатар қолды үнемі сабынмен жуу немесе спирті бар заттармен өңдеу де өте маңызды.
COVID-2019 жұқтырған науқастарға медициналық көмек көрсетілуі керек, ал аурудың ауыр ағымындағы науқастар қолдаушы терапиямен қамтамасыз етілуі қажет.
Сонымен қатар, аурушаңдықтың алдын алуда вакцинацияның маңызы зор. Вакцина егілген адамдарда иммунды жүйеде антиденелер, аурушаңдыққа қарсы иммунитет пайда болады. Қазіргі таңда коронавирусқа қарсы вакциналар шығарылып, халыққа егу жұмыстары жоспарлануда.
Б.Идияева,
Шымкент қаласы Қаратау ауданы Санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының бас маманы.