Д.ИСАБЕКОВ: Айтылады, айтылады да, айтылған жерде қалады
Әркім өз пікірін айтуға қақылы, ол өз пікірі. Егер біреу тосын ұсыныс, жөн сын айтып жатса, оған қарсы пікір ұйымдастыра салады. Сөйтіп, өзгеру керек мәселе өзгермейді, халықтың да оған әбден еті үйреніп кетті.
Айтылады, айтылады да, айтылған жерде қалады.Ашық айтылады, өткір жазылады, бірақ билік бәрібір өз дегенін жасайды деген пікір қоғамға орнығып алды.Оны билік жағы да оқиды, оқиды да, айтса айта берсін, сөз бостандығы ғой деп, соған ысырып қоя салады.
Халықтың пікірін тұмшалап жатқан ешкім жоқ, халықтың айтуға мүмкіндігі бар, цензура жоқ деп қарап отыр.
Айтылған, жазылған кемшіліктерді жөндеуге талпынбайды. Бұрын Орталық комитетте мәдениет және үгіт-насихат деген бөлімдер болды. Осы екі бөлім біздің идеологиямызды басқарып отыратын.
Айтылған мәселеге міндетті түрде мойын бұрып, міндетті түрде шара қолданатын. Не кемшілікті жөндейік, не дұрыс-бұрыстығын анықтайық.
365info.kz