Д.ИСАБЕКОВ:   Нағыз рухани астанамыз болады

Елімізде екі жүзге жуық аудан бар. Соның ішінде Түркістанның орны бөлек.  Киелі жер, халқы кемел, салт-дәстүрі қалыптасқан. Айналасын Арыс, Созақ мекендері қоршаған киелі өңірдің тұрғындары да ерекше. Өзгелерден ерекшеленіп тұруы дінінің тазалы­ғында деп ойлаймын. Түркістан–діни, мәдени және рухани орталығымызға айналып үлгерген қала. Елбасы Түркістанды ерекше бағалайды. Облыс орталығы болуға тұрарлық қала. Өте қуанышты жағдай!

Болашақ облыс орталығынан сәбидің күлкісі, баланың былдыры үзілмесе екен деймін. Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы болып бекітілсе, бірінші кезекте халық саны артады. Алдағы уақытта Шымкент сияқты алып шаһарға айналуы әбден мүмкін. Нағыз рухани астанамыз болады деген үмітіміз бар.

«ЖҚ»

 

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.