Д.КӨШІМ: Бұл өте ұят нәрсе

Бізге отаршылдықтың таңбасы әбден өтіп кеткен және біздің орыс тілді басшыларымыз әр уақытта орысқа жалпақтап тұрады. Бұл олардың қанында бар, ол жасқаншақтық. Ал биліктегілер бұрынғы коммунистік партияда жұмыс істегендер. Кеңес үкіметіне бағыныш, сол қорқыныш әлі қандарында бар. Бұрынғы тарихтың барлығы қайтадан ашылды. Халық бәрін көріп отыр, енді соларды еске алуға неге қорқады? Конституциямызда шеру, митинг өткізу қарастырылған. Ол бізге берілген конституциялық құқығымыз. Өте түсініксіз жағдай. Егер өзінің халқынан қорқатын болса ондай үкімет отставкаға кету керек. Қалайша ол өмір сүреді, қалайша мемлекетті алға бастайды? Егер ол өз халқы бірдеңені бүлдіріп қоя ма деп идеологиялық тұрғыдағы ұлттық бір шараны тоқтататын болса, демек ол барлық іс-шараны тоқтатады. Онда біз өзіміздің батырларымызды, Алашымызды, желтоқсанымызды еске алмайық еш уақытта. Сонда біз қалайша Тәуелсіз мемлекет деп атала аламыз. Бұл өте ұят нәрсе.

dalanews.kz

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.