Д.КӨШІМ: …осы жылдың аяғына дейiн үлкен өзгерiстер керек

Көпбалалы отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі жандардың несиесін кешіру бұл имидждік, яғни, жақсы көзқарас қалыптастыру үшін жасалған қадам. Себебі, бұл бір рет жасалатын жағдай. Тұрақты түрде, белгілі бір заңға енбеген. Бұл жағдайы нашар отбасыларға көмек есебінде берілген біржолғы көмек.
Бұл әрі қарай өз жалғасын таппайтын сияқты. Біздің бұрынғы басшымыздың: «Қазақстандықтар бұдан жақсы жағдайда еш уақытта өмір сүрген жоқ» дегені бар. Бірақ әлеуметтік мәселеге қарағанда сол сөзге сай емес екенімізді көреміз.
Мемлекеттік саясат бұлай жүргізілмеуі керек. Міндетті түрде тұрақты, заңмен бекітіліп жүргізілуі керек. Әлеуметтік мемлекетпіз десек, осы жылдың аяғына дейін үлкен өзгерістер керек.

stan.kz

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.