Д.КӨШІМ: Осыны маған ешкiм түсiндiрiп бере алмайды

Халықтың бір тобы кедей,  бір тобы асқан бай болса, онда мемлекеттің міндеті – сол екеуінің арасын теңестіруге бағытталған іс-шаралар қолдану. Жалақының ең жоғарғы деңгейі мен ең төменгі деңгейі 8 есе болса, онда ол революциялық жағдайдың алды болады. Өйткені, ол – теңсіздік: асқан бай мен асқан кедей.

Тағы айтатыным, қанша ақша,қайда бөлінсе де  әділетті бөлініс  болу керек. Бұл теңдік бөлініс болу керек. Қарапайым тілмен айтқанда кедейлерге көбірек, байларға азырақ бөлінеді. Міне, әлеуметік мемлекет дегеніміз осы. Еуропадағы социалды мемлекеттер  осыны ұстанады. Ең төменгі деңгейдегі күнкөріс мөлшерін орта деңгейге жеткізу.  Бізде осы саясат жоқ.

Мен әлі күнге дейін түсінбеймін: депутаттар неліктен 900 мың алады, ұстаздар мен медиктер 100 мыңнан аспайды?  Осыны маған ешкім түсіндіріп бере алмайды. Тағы бір айтарым,түрлі әлеуметтік деңгейде барлық жағдайды қамтуымыз керек. Ол көпбалалы, жетім немесе оралмандар болуы мүмкін. Барлығына жағдай жасауымыз керек.

Stan.kz

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.