Д.НАЗАРБАЕВА, Сенат депутаты: … не істеп жатқанынан да бейхабармыз
Қазіргі заманда журналистердің аузын жабуға болмайды. Қазір интернет арқылы өз ой-пікірін ашық айтуға мүмкіндік бар. Журналистер әрқашанда елдің қамын ойлайды, халықтың мұң-мұқтажын үкіметке жеткізеді. Бұл жағынан журналистердің рөлі өте маңызды.
Бүгінгі таңда елімізге мықты журналистік қоғам керек. Журналистер одағы деген бар, бірақ оның атын да естімейміз, не істеп жатқанынан да бейхабармыз. Өз салаларыңа қатысты заң жобасы қаралып, талқыланып жатқанда, ой-пікірлеріңді айтып, үкіметпен бірге жұмыс істеп, күресе білу керек. Өкінішке қарай, журналистік қоғам бұл мәселелерде белсенді емес.
Қазір телеарналар мен газеттерге оңай емес, өмір сүруі қиындап жатыр, барлық жағынан пайда көріп отырған интернет. Интернетте ешкімнің аузын жаба алмайсың. Бұл үлкен басымдық. Журналистер өздері балама заң жобасын әзірлеп, сол бастамамен шығуы керек.
sputniknews.kz