ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ТҮРКІСТАНДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ

Түркістандағы құрылысы жүріп жатқан нысандар өз уақытында ел игілігіне берілуі тиіс. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды Түркістан қаласындағы бірқатар құрылыс нысанын аралап, жұмыс барысын көрді. Жай-күйін бағдарлады. Кейбір мердігерлерге сын-ескертпесін айтса, жауапты басшыларға әрбір жобаға мұқият болуды тапсырды.
Өңір басшысы Түркістан қаласындағы әкімшілік-іскерлік орталығынан кәріз тазарту құрылғысына дейінгі магистралдық кәріз коллекторының құрылыс алаңында болды. Құрылыста ерекше технология пайдалануда. Заманауи орталықтың құрылыс жұмыстары келер жылы аяқталмақ. Магистральді кәріздік темірбетонды құбырларды орнату үшін траншеялар қазу жұмыстарының көлемі – 8340 метр. Қазір станция қазандығын қазу, жерасты ағын суларын төмендету және өзге де жұмыстар жүріп жатыр.
– Қаржысы бөлініп, мердігері анықталған нысандардың құрылысында ешқандай кешігу, кемшілік болмауы тиіс. Мемлекеттің қаражатың тиімді жұмсау аса маңызды. Сапаның тұрақты бақылауда болуын аранйы мекеме басшылары үнемі қадағалауда ұстауы тиіс, – деді Дархан Сатыбалды.
Құрылыс нысандарын көрген Дархан Сатыбалды жауаптыларға жұмысқа қажетті қаржылық мәселелерді зерделеп, толық шешу, ғимараттарды уақтылы тапсыру жөнінде тапсырма берді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.